Қазгидромет 14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 14 қыркүйек, сәрсенбіде Қазақстан аумағының басым бөлігі ауқымды әрі суық антициклонның ықпалында болады. Осыған байланысты жауын-шашын жаумайды. Түнгі уақытта тұман және үсік жүреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазгидромет 14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады

Батыс, шығыс өңірлерде әлі де циклон мен атмосфералық фронттар үстемдік етеді. Сондықтан ж аңбыр жауып, батыста найзағай жарқылдайды.

Қазақстанның басым бөлігінде жел жылдамдығы - 15-20 м/с, оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста екпіні - 23-28 м/с жетеді, күндіз батыста, оңтүстікте шаңды дауыл соғады.

Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ал Жамбыл облысының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі, Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Түнде Ақмола облысының солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Павлодар облысының шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында 2-3 градус үсік жүреді.

Түнде Қостанай, Ұлытау, Абай облыстарының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының шығысында топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.

Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс бағыттардан соғатын жел күші - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +2+4°С, күндіз +15+17°С болады.

Алматы қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +9+11°С, күндіз +22+24°С болады.

Шымкент қаласында аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан соғады, күші 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +28+30°С болады.