Қазгидромет: 15 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - 15 қаңтар күні республика аумағының басым бөлігінде бұрынғыша атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жер-жерлерде қар, боран, қатты жел, тұман сақталады, тек республиканың шеткі оңтүстік-шығыс аймағында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы "Қазгидрометке" сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.
Ақмола, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі, кейбір жерлерде түнде, күндіз барлық жерлерде боран соғады, жел 15-20 м/с-қа, күндіз екпіні 23-28 м/с болатын жел күшейеді. Алматы облысының жер-жерлерінде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында желдің күшеюі 15-20, екпіні 25 м/с-қа дейін болады. Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді, күндіз 23-28 м/с екпінмен жел соғады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ орын алады, 15-20 м/с-қа дейін жел күшейеді. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде көк тайғақ күтіледі, желдің күшеюі 15-20 м/с-қа жетеді. Қызылорда облысында боран болады. Батыс Қазақстан облысының жер-жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарында кейбір жерлерде боран, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с-қа күшейеді. Павлодар облысында күндіз кей жерлерде боран соғады, жел 15-20 м/с-қа күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында жер-жерлерде жел екіпіні 15-20 м/с-қа дейін барады.