Қазгидромет: 16 қазанда Қазақстаннның орталық, солтүстік және оңтүстік өңірлерінде жаңбыр мен қар жауып, екпінді жел соғуы мүмкін

АСТАНА. 15 қазан. ҚазАқпарат - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Қазгидромет» РМК-нің мәліметтерінше, 16 қазанда атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты Қазақстаннның орталық, солтүстік және оңтүстік өңірлерінде жаңбыр жауады, елдің солтүстік-батысында соңы қарға ұласатын жаңбыр жауып, екпінді жел соғады деп күтілуде.
None
None

Ақмола, Жамбыл, Қостанай, күндіз Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Елдің оңтүстік, оңтүстік-шығыс, батыс және орталығында кей жерлерде өрт болу қаупі сақталады.

Алдағы тәулікте Шығыс Қазақстан облысының таулы өзендерінде су деңгейінің ауытқушылығы байқалады.

Соңғы жаңалықтар