«Қазгидромет» 16 сәуір күнгі күн райы болжамын жариялады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы сәуірдің 16-сы күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, тек оңтүстік-батыста, оңтүстікте, шығыста антициклонның әсерінен күн ашық болады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Қостанай облысының оңтүстігінде, таңертең және күндіз солтүстік-батысында, Ақмола облысының оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз шығысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай ойнап, оңтүстік-батысында, солтүстігінде желдің күні секундына 15-20 метрге жетеді.

Күндіз Қарағанды облысының батысында найзағай ойнап, күндіз облыстың оңтүстігінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы секундына 18-23 мтерге жетеді, екпіні 28 м/с болады. Түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, облыстың орталығында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Күндіз Түркістан облысының солтсүтігінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, шаңды дауыл тұраы.

Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында найзағай күтіледі.


Соңғы жаңалықтар