Қазгидромет: 19 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
АСТАНА.18 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ертең Қазақстан аумағында ауа райының тұрақсыздығы сақталады, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын сақталады, жел күшейеді, боран соғады, көк тайғақ болады, тұман түседі, тек республиканың шеткері оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы «Қазгидрометке» сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында боран соғады деп күтілуде, 17-22 м/с жел соғады, жел екпіні 25 м/с болады, кей жерлерде 30 м/с-тан асады. Жамбыл, Қызылорда облыстарының бірқатар аймақтарында жел 15-20 м/с-ке күшейіп, Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады. Оңтүстік Қазақстан облысында, күндіз Маңғыстау облысының кейбір жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының бірқатар аймақтарында боран соғады деп күтілуде, жел 15-20 м/с-ке күшейеді, Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде көктайғақ болады. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде боран соғады деп күтілуде, жел 15-20 м/с-ке күшейеді, Қарағанды облысында жел екпіні 25 м/с -ке дейін барады. Алматы облысында кей жерлерде көктайғақ болады.
Жақын тәуліктерде Қазақстанның сулы нысандарында мұз қалыптасу үрдісінің күшеюі байқалады, жекелеген өзендерде су деңгейі көтеріледі, сең қалыптасады.