Қазгидромет: 2 маусымда Қазақстанның батысы мен шығысында найзағай аралас жаңбыр жауады, республиканың орталығында күн қатты ысиды

АСТАНА. 1 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазгидромет» РМК болжауынша, 2 маусымда Қазақстанның басым аумағында күн райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде,

Қазгидромет: 2 маусымда Қазақстанның батысы мен шығысында найзағай аралас жаңбыр жауады, республиканың орталығында күн қатты ысиды

республиканың батысы мен шығысында найзағай аралас өткінші жаңбыр жауады.

Алматы, Шығыс Қазақстан, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қостанай облыстарының жекелеген жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Күндіз және түнде Маңғыстау облысының Каспийге қарасты жағалауында тұман болады, желдің екпіні 15-20 м/с - қа дейін жетеді.

Ақтөбе, кей жерлерде Ақмола және Қарағанды облыстарында күн қатты ысиды деп күтілуде.

Қызылорда, жекелеген жерлерде Ақтөбе, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарында төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.

Алдағы 3 тәулікте республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс таулы өзендерінде су деңгейінің ауытқушылығы байқалады.