Қазгидромет 22 желтоқсанда ауа райы қандай болатынын жариялады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» мамандары 22 желтоқсан күні ел аумағында ауа райы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазгидромет 22 желтоқсанда ауа райы қандай болатынын жариялады

Атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың солтүстік, солтүстік-батыс және шығыс аймақтарында қар жауады. Боран соғып, жел күшейеді.

Қазақстан территориясының қалған бөлігіне антициклон әсер етеді, сондықтан жауын-шашын болмайды.

Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші - 15-20 м/с, түнде- 23-28 м/с. Кей жерлерде бұрқасын көтеріліп, тұман сақталады.

Павлодар облысында кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Боран соғады.

Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, бұрқасын соғады. Жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Түркістан, Қарағанды, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Маңғыстау, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде боран соғады. Күндіз жел қарқыны -15-20 м/с.