Қазгидромет: 25 шілдеде Қазақстан аумағында жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, жел күшейеді
АСТАНА. 24 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде 25 шілдеде ауа райының тұрақсыздығы сақталады, кей жерлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, тұман түседі деп күтілуде, ұйытқыған жел соғып, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.
Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлайды.
Алматы, Маңғыстау, Павлодар облыстарында, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтілуде, Батыс Қазақстан облысында шаң көтеріліп, дауыл тұрады.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін.
Қостанай облысында кей жерлерде жел 18 м/с-қа күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде.
Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында, кей жерлерде Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарында күндіз қатты ыстық болады деп күтілуде.
Республиканың солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында кей жерлерде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.