Қазгидромет: 26 қарашаға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат - Ертең Қазақстан республикасының басым бөлігінде көлемді антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, республиканың оңтүстігі және оңтүстік-батысының кей жерлерінде аздап жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман сақталады, оңтүстік бөлікте жел күшейеді. Бұл туралы «Қазгидрометке» сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлайды.

Қазгидромет: 26 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түседі деп күтілуде. Алматы, Жамбыл облыстарында кей жерлерде тұман түседі, жел 15-20 м/с-ке күшейеді.

Жақын тәуліктерде Қазақстанның солтүстік бөлігінің көптеген өзендерінде мұз қалыптасу үрдісі жалғасады, соған байланысты республиканың шығысының жекелеген өзендерінде су деңгейі тұрақсыз болады деп күтілуде.

Қызылорда облысының аумағында Сырдария өзенінде өзен арналарын реттеу есебінен су деңгейі тұрақсыз болуы мүмкін. Қазақстанның қалған су нысандарында гидрологиялық тәртіпте айтарлықтай өзгерістер болмайды.