Қазгидромет: 27 ақпан күні республиканың басым бөлігінде боран соғады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 ақпан күні Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның ықпалы сақталады, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, кейбір аймақтарда тұман түсуі мүмкін. Тек республиканың солтүстігі пен солтүстік-шығысында ауа райының тұрақсыздығы сақталады, қар түсіп, жел күшейеді, боран соғуы ықтимал, деп хабарлайды «Қазгидрометке» сілтеме жасап ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар жерлерінде боран соғып, екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында көктайғақ болады. Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түседі. Жамбыл, Маңғыстау, Атырау облыстарының кейбір жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Жамбыл, Маңғыстау облыстарында тұман болуы ықтимал.