Қазгидромет: 27 маусымда Алматы, Ақмола, Қызылорда облыстарында бұршақ жаууы ықтимал

АСТАНА. 26 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазгидромет» РМК болжауынша, 27 маусымда республиканың басым аумағында ауа райының тұрақсыздығы сақталады.
None
None

Атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, жекелеген жерлерде нөсер болып, найзағай ойнап, екіпінді жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, күндіз Алматы облысында, Павлодар облысының жекелеген жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтілуде.

Қостанай облысында түнде тұман болады, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Алматы, Ақмола, Қызылорда облыстарында бұршақ жаууы ықтимал.

Қызылорда облысында кей жерлерде, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Алматы облыстарында төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында және Қарағанды облысының кей жерлерінде күннің қатты ысуы сақталады.

Алдағы тәуліктерде республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс таулы өзендерінде су деңгейінің ауытқушылығы сақталады.

Соңғы жаңалықтар