Қазгидромет: 3 қазан күнгі ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 3 қазан, сенбі күні ел аумағының басым бөлігінде күн ашық, тек оңтүстік шығысында және солтүстігінде атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Павлодар, түнде және таңертең Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде түнде және таңертең 2 градус үсік күтіледі.
Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.