Қазгидромет: 3 мамыр күні еліміздің аймақтарында жауын-шашын болмайды
Кей жерлерге тұман түсіп, жел күшейіп, арты шаңды дауылға ұласуы мүмкін. Оңтүстік Қазақстан, күндіз Жамбыл облыстарында жел күшеюі мүмкін. Кей жерлерді оның екпіні секундына 15-20 метрге жетеді және шаңды дауыл тұрады.
Қызылорда, күндіз Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей аймақтарында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді және шаң көтеріледі.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз желдің күші секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін. Таң ата және түнде тұман болады. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таң ата тұман түседі деп күтілуде.
Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында желдің күші секундына 17-22 метрге жетеді. Астанада күн алабұлтты, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік батыстан секундына 0-5 метр жылдамдықпен жел соғады.
Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +20+22°С. Алматыда күн алабұлтты жауын болмайды. Жел секундына 0-5 метр жылдамдықпен соғады. Түнде ауа температурасы +4+6°С, күндіз +15+17°С.