Қазгидромет: 30 қазанның күн райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы 30 қазанның күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кәсіпорынның болжамына қарағанда, фронталды бөліктердің әсерінен республиканың басым бөлігінде күн райы тұрақсыз болады. Жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, елдің шығыс және оңтүстік аймақтары ғана жоғары қысым ықпалында болады, сондықтан күн жауын-шашынсыз болады.
Республиканың басым бөлігінде тұман, солтүстігінде бұрқасын, солтүстікте, солтүстік-батыста және оңтүстік-шығыс бөлігінің таулы аудандарында жел күшейеді, солтүстік-шығыста көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан облысында, түнде шығысында 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, батыста екпіні 25 м/с жел күшейіп, түнде оңтүстікте, шығыста, күндіз солтүстікте, батыста көктайғақ, бұрқасын болады.
Ақмола облысының солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі.
Павлодар облысының солтүстігінде көктайғақ болып, түнде солтүстік-батысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Қостанай облысының солтүстігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Таңертең және күндіз өңірдің батысында тұман түседі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, түнде тұман түседі.
Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында түнде және таңертең батысында, солтүстігінде, орталығында, солтүстік-батысында тұман түседі.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман түседі. Түнде және таңертең Алматы, Түркістан облыстарының таулы аудандарында тұман, Алматы облысының тауларында көктайғақ күтіледі.