Қазгидромет: 7 сәуірге арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда атмосфералық ағындардың өтуімен кей жерлерде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, республика солтүстігінің басым бөлігінде жауын-шашынды болып, жел күшейеді, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Республиканың батысында ғана күн ашық болады.

Қазгидромет: 7 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі «Қазгидрометке» сілтеме жасап хабарлады.

Ақмола. Қостанай, Қарағанды облыстарында желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі, 23-28 м/с-қа дейін ұйтқуы күтіледі, кей жерлерде көктайғақ болады. Павлодар облысында желдің екпіні 18-23 м/с-қа, екпіні - 27 м/с-қа жетеді. Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Алматы, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, желдің күші - 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысында желдің ұйтқуы 25 м/с-қа жетеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, ұйтқуы 23 м/с-қа жетеді, Жамбыл облысы бойынша желдің ұйтқуы 28 м/с-қа дейін күшейеді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 7-9 сәуір аралығында Ақмола облысы мен Астана қаласында оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с-қа дейін жетіп, Ақмола облысында оның ұйтқуы 23-28 м/с-қа дейін күшейетіні жөнінде ескерту жасалған болатын.