«Қазгидромет» алдағы 3 күннің күн райы болжамын жариялады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» 2022 жылғы 19-21 наурыз үндерінің күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Апта соңында Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклоны ықпалында болады, осыған байланысты аязды, көбіне жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алайда Жаңа жер архипелагы жақтан келетін циклон 20 наурызда республиканың солтүстік, солтүстік-батыс аймақтарына әсер ете бастайды. Циклон оңтүстік-шығысқа қарай ауысып, 21 наурызда республиканың басым бөлігін қамтиды. Осыған байланысты ауа температурасы жоғарылап, күн кұрт бұзылады, атап айтқанда оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қар аралас жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, жел күшейеді, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Республика бойынша тұман түсуі ықтимал», - делінген синоптиктер хабарламасында.