13:08, 14 Наурыз 2009 | GMT +5
Қазгидромет: алдағы аптадағы ауа райы
АСТАНА. Наурыздың 14-і. ҚазАқпарат – Алдағы аптада республиканың солтүстігінде қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады деп күтілуде, оңтүстік өңірде - жаңбыр жауып, жел тұруы ықтимал,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидромет орталығына сілтеме жасап. Орталық аймақтарда апта бойына күн бұлтты болып, кей күндері қар жаууы мүмкін. Көктайғақ болып, жел күшейеді деп күтілуде. Түнде тұман түседі. Түнде ауа райы 3-8 градус, кей жерлерде 10-15 градус аяз болса, күндіз 1-6 градусқа дейін жылиды, кей жерлерде термометр 0- минус 5 градусты көрсетеді. Республиканың батысында тек аптаның соңында ғана жауын-шашын болуы ықтимал. Ауаның температурасы біртіндеп көтеріледі: түнде термометр бағамы минус 5-10 градустан минус 3 градус ? плюс 2 градусқа дейін көтерілсе, күндіз минус 2 - плюс 3 градустан 5-10 градусқа, кей жерлерде 15 градусқа дейін күн жылиды. Солтүстік облыстарда апта бойы күн бұлтты болады, кей күндері қар жауады, көктайғақ болып, жел күшейеді. Ауаның температурасы сәл көтеріледі: түнде минус 8-13 градустан, кей жерлерде минус 15-20 градустан 5-10 градусқа дейін, күндіз 0-5 градустан, кей жерлерде 8 градустан минус 2-плюс 3 градусқа дейін жылиды. Шығыста аптаның басы мен соңында қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады. Түнде ауа райы 8-13 градустан 3-8 градусқа дейін, кей жерлерде 13-18 градустан 13 градусқа дейін көтерілсе, күндізгі температура 0-минус 5 градустан плюс 3-8 градусқа дейін жылиды.Оңтүстікте наурыздың 17-сі мен 20-сы аралығында жауын-шашын болып, жел тұруы ықтимал. Ауаның температурасы түнде 2-7 градус жылылықты, күндіз 12-17 градус жылылықты көрсетеді.