«Қазгидромет» алдағы күндері ауа райының күрт бұзылуына байланысты ескерту жасады

АСТАНА. 28 қазан. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» Қазақстанның басым аумағында дерлік ауа райының күрт бұзылуына байланысты ескерту жасады.

«Қазгидромет» алдағы күндері ауа райының күрт бұзылуына байланысты ескерту жасады

Мәселен, 28-29 қазан күндері Алматы мен Жамбыл облыстарында жаңбыр мен жаңбыр аралас қар жауады, жекелеген жерлерде жауын-шашындар молынан түседі. Солтүстік-батыстан секундына 17-22 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 0-5 градусқа дейін төмендейді. Күндіз ауа бағаны 0-3 градус суықтық бен 2 градус жылылық арасында құбылады.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында - жауын-шашынды, соның ішінде қардың молынан түсуі күтілуде. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, түнде температура 0-5 градусқа дейін төмендейді.

29-30 қазан күндері Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар жауып, түнде 8-13 градус, күндіз 0-5 градус суық болады.