Қазгидромет: Алдағы тәуліктерде күн жылына түседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК сәуірдің 6-8 күндеріне арналған ауа-райы болжамын жария етті, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Ресейдің арктикалық аймағынан Қазақстанға суық және ылғалды ауаның келуі жалғасуда, сондықтан көптеген облыстарда бұрынғысынша ауа-райы бұлтты болады. Кей жерлерде жаңбыр, қар жауып, тұман түсіп, ауа температурасы қалыпты нормадан 2-4ºС төмен болады деп болжануда.
Алайда тропосферлық ағымдардың бағыты бірте-бірте солтүстіктен оңтүстік-батысқа қарай ауысады. Сол себептен 8-сәуірде Қазақстанның көптеген облыстарында жауын-шашын азайып, ауа температураның жоғарылай түседі.
Батыс аймақтарда қазірдің өзінде Таяу Шығыстан ауа ағымдарының келуімен күн жауын-шашынсыз және жылы болады. Температура қалыпты нормадан 3-6ºС жоғары болады.