«Қазгидромет» алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады

НҰР-СҰЛАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК тамыздың 29-31 күндері аралығындағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, алдағы мерекеде күн жылы болғалы тұр. Республиканың басым бөлігінде күн райының жайлы болуына шуақты антициклон ықпал етпек.

«Еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшейіп, жаңбыр жауады, бұршақ түсуі ықтимал. Бірақ жауын-шашынға қарамастан, бұл аймақтардағы ауа температурасы + 25 ... 33 шамасында болады»,-делінген хабарламада.