«Қазгидромет» алдағы үш күннің ауа райы болжамын жариялады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы 2020 жылғы 22-24 желтоқсан күндерінің ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, Қарағанды облысының аумағындағы ауқымды антициклон аязы Қазақстан аумағының басым бөлігіне әсер етеді.
Скандинавиядан келетін циклон жырасы тек солтүстік аймақтарға әсер етеді. Сондықтан мұнда қарлы боран болуы, жел күшеюі және ауа температурасының жоғарылауы мүмкін.