Қазгидромет алдағы үш тәулікке ауа райы болжамын жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктер алдағы үш күндегі ауа райына болжам жасады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Қазгидромет алдағы үш тәулікке ауа райы болжамын жариялады

Батыс облыстарда ауа райы бұлтты болып, алдағы тәуліктерде найзағай ойнап, жауын-шашын түседі, екпінді жел соғады. Циклонның шығысқа ығысуына орай республиканың басым бөлігінде осындай құбылыстар орын алады.

Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысында алдағы үш тәулікте ауа райы жауын-шашынсыз  болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыста күндіз ауа райы +23-30 градус жылынса,  республика шығысында +20-25 градус болады.

Астана қаласы бойынша ауа райы болжамы

25  сәуір: ашық, жауын-шашынсыз. Жел - оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 5-10 м/с. Түнде температура  +5+7°С, күндіз  +22+24°С болады.

26 сәуір: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан   9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде температура +9+11°С, күндіз +23+25°С.

27 сәуір: көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жауын жауады. Батыстан, солтүстік-батыстан  9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде температура +9+11°С, күндіз +18+20°С.

Алматы қаласы бойынша ауа райы болжамы

25 сәуір: көшпелі бұл шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Температура түнде  +10+12°С, күндіз +23+25°С.

26 сәуір: көшпелі бұл шығады, жауын-шашынсыз. Жел  0-5 м/с. Температура түнде +11+13°С, күндіз +27+29°С.

27 сәуір: көшпелі бұл шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Температура түнде +11+13°С, күндіз +28+30°С.