«Қазгидромет» Алматыны қалың тұман не себепті басқанын айтты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 4 қаңтар күні таңертең Алматыға қалың тұман түсіп, жолда жүру, көру мүмкіндігі қиындады. 

«Қазгидромет» Алматыны қалың тұман не себепті басқанын айтты

«ҚазАқпарат» ХАА тілшісі «Қазгидромет» РКК Алматы филиалының метеоболжам бөлімінің басшысы Светлана Аманқұловаға сілтеме жасап хабарлауынша, қаланың қою тұманның астында қалуына дымқыл ауа себеп болған.
null  

 «Бізде қараша айынан бері қалаға жиі тұман түсіп келеді. Ауа дымқыл, ылғал түсісімен қаланы тұман басады. Бүгін таңертең Алматыда жүру, көру қиындағаны сондықтан», - деді ол.
 null 

Алдағы тәулікте кей жерлерде, әсіресе, таулы аймақта күн бұлтты болады.

Жалпы Қазақстанның солтүстігінде антициклон жүріп, аяз күшеюі мүмкін. Осыған байланысты Алматы облысында да күн суытуы ықтимал. 

Фото: Асель Маратова, Ирина Ярунина