Қазгидромет: Астанада үш күн бойы қарлы боран тұрады

АСТАНА. 26 ақпан. ҚазАқпарат - Алдағы үш күн бойы елордада ауа райы бұрқасынды болады, деп хабарлады «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан.

Қазгидромет: Астанада үш күн бойы қарлы боран тұрады

Синоптиктердің болжауынша, 27 ақпанда Астанада күн құбылмалы. Түнде қар жаумайды, ауа температурасы -20-22°C. Күндіз - қар жауып, жел тұрады (-6-8 градус нөлден төмен). Оңтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 9-14 метр жел тұрады, жел екпіні кейде 18 метрге дейін жетеді.

Елорданың ресми сайтының жазуынша, 28 ақпанда күн құбылмалы, бұрқасынды болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 метрге, кейде 23 метрге дейін жетеді. Сынап бағанасы түнде -10-12 градусқа дейін төмендейді, күндіз -2-4 градус суық.

Көктемнің алғашқы күні қыстың ызғары сақталады. Синоптиктер күндіз күн құбылмалы, түнде қарлы боран тұрады деп болжайды. Ауа температурасы түнде -18-20 дейін төмендейді, күндіз -11-13 градус суық. Оңтүстік-батыстан соққан жел оқтын-оқтын батыстан да тұрып, жылдамдығы секундына 9-14 метрге, түнде -15-20 метрге жетеді.