«Қазгидромет» Астананың аспанын торлаған түтінге қатысты пікір білдірді

«13 желтоқсаннан бастап бізде моңғол антициклоны тіркелді. Ол біршама аумақтың, соның ішінде Астананың да ауа райына әсерін тигізді. Антициклон тынық әрі ашық ауа райы кезінде пайда болады. Демек, атмосферада ауа алмасу болмайды. Осы себепті, зиянды заттар жиналып қалып, түтіннің туындауына себеп болып отыр», - дейді ол Астана әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.
Марина Шмидтің айтуына қарағанда, «Қазгидромет» РМК жайсыз метеожағдайға байланысты болжам жасамайтындықтан, халыққа алдын ала бұл жағдай ескертілмеген. Ал «Қазгидромет» метеожағдайға байланысты болжамды 2018 жылдан бастап жасауды жоспарлап отыр. Бұл болжамдар метеожағдайлар зиянды заттардың жиналуына себеп бола ма, жоқ па деген секілді ақпараттарды ұсынатын болады.
«Астананы қоршаған жасыл белдеу желдің азаюына себеп болады дегенді қазір бірден болжау мүмкін емес. Кейбір жылдары бізде желдің жиілігі азайды. Бәрі де климаттық жағдайлар мен синоптикалық ахуалдарға байланысты», - дейді Марина Шмидт.