«Қазгидромет» ауа райы жағдайына байланысты ШҚО-да төтенше жағдай қалыптасуы мүмкіндігі туралы ескерту жасады
СТАНА. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» Шығыс Қазақстан облысында ауа райы жағдайына байланысты төтенше жағдай қалыптасуы мүмкіндігі туралы ескерту жасады.
«Сәуірдің алдағы 17-20 күндері ауа температурасының жоғарылауы мен күтіліп отырған жауындарға байланысты, Шығыс Қазақстан облысының өзендерінде су деңгейінің күрт көтерілуі мен олардың арналарынан асуы, таулардан тасқын сулардың ағуы және су басу қаупі туындауы мүмкін. Өзендердегі мұздардың жарылуы салдарынан туындайтын кептелістер, судың арнасынан шығуына ықпал етеді», делінген хабарламада.