Қазгидромет биылғы ең төменгі температура тіркелген өңірді атады

АСТАНА.ҚазАқпарат - "Қазгидромет" РМК биылғы қыс мезгілі бойынша қорытынды нәтижелерді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазгидромет биылғы ең төменгі температура тіркелген өңірді атады

"Биыл қаңтар айында ауаның орташа айлық температурасы минус 1...9 °С көрсетті. Арктикадан енген суық антициклонның әсері, әсіресе қаңтар айының үшінші онкүндігінде байқалды, бұл кезде ауа температурасы түнде еліміздің оңтүстігінде 31°С, оңтүстік-шығыста - 38°С, солтүстік-шығыста - 35°С, орталықта - 40°С, солтүстікте - 42°С, шығыста - 45°С,батыста - 24°С-қа дейін төмендеді. Астана қаласы бойынша 22 қаңтарда 38°С аяз болса, республика бойынша ең төменгі температура - 45°С аяз Шығыс-Қазақстан облысы Дмитриевка метеостанциясында тіркелді", - деп жауап берді "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі "ҚазАқпараттың" ресми сауалына.

Сонымен бірге, Қазгидромет қарлы борандар мен қатты қыстың біздің климат үшін үйреншікті екенін атап өтті. Метеорологиялық бақылаулардың бүкіл тарихында (1848 жылданбастап) ауа температурасы солтүстікте, орталықта және оңтүстік-шығыста минус 50°С дейін төмендеген, шығыста минус 54°С, батыста және оңтүстікте минус 44°С-қа дейін суытқан. Бұл - абсолюттік минимум температуралар. Астанадағы ең төменгі ауа температурасы -  минус 51,6°С (1893 ж.),ал Алматыда минус 37,7°С (1951 ж.) құраған.

"Ең жылы қыс айлары (қантар-ақпан) Қазақстан бойынша 2002 және 2007 жылдары байқалған. Бұл кезде Астана қаласы бойынша ауа температурасы қантар айында 3,4 °С дейін, ал ақпан айында 4,1°С дейін көтерілген. Ал күннің абсолюттік максимумы 2015 жылы 8 қантарда болған. Бұл кезде ауа температурасы 3.8 ° C дейін жоғарылаған", - делінген жазбаша жауапта.

Жаз айларына келер болсақ, абсолюттік максимум Қазақстан бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм метеостанциясында байқалған, онда 1995 жылы 1 шілдеде ауа температурасы 51,0°С дейін көтерілген. Астанада 1936 жылы 22 шілдеде 41,6 ° C, Алматыда 1983 жылы 31 шілдеде 43,4 ° C болды. Абсолюттік минимум елордамыз Астанада минус 2.3 ° C (1929 ж. 26 тамызда), Алматыда - плюс 2.0 ° C (8 маусым 1927 ж.) тіркелген.

Фото: postupi.online