Қазгидромет болжамы: Алдағы үш күнде қалың қар жауып, солтүстікте күн суытады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы желтоқсанның 29-31 аралығында болатын ауа райына болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағында атмосфералық процестер жылдам ауысады.
Жылу мен ылғалдың мол қоры мен Атлантикалық циклон Қазақстанның басым бөлігінде қардың мол түсуіне, бұрқасын соғып, желдің күшеюіне және ауа температурасының қысқа мерзімді көтерілуіне әкеледі.
Бірақ 30 желтоқсанда циклонның артуынан Арктика аудандарынан суық ауа массалары келеді. Онымен бірге жауын-шашын біртіндеп тоқтап, ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Солтүстікте түнде температура 30-38 градусқа дейін төмендейді. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі.