Қазгидромет: Бүгін елдің басым бөлігінде қар жауып, аяз болады

АСТАНА. ҚазАқпарат – 9 қаңтарда Атлантикалық циклон мен атмосфералық фронталды бөлімдердің әсерінен ҚР бүкіл аумағында қар жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Қазгидромет: Бүгін елдің басым бөлігінде қар жауып, аяз болады

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, 9 қаңтарда елдің шығысында, оңтүстік-шығысында нөсер жауын, қар аралас жаңбыр (жаңбыр, қар), елдің оңтүстігіндегі таулы аудандарда қалың қар жауады.

Елдің батысында ғана жоғары қысым өрісінің әсерімен күн жауын-шашынсыз, бірақ аяз болады. Суық арктикалық антициклонмен ҚР батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде ауа температурасы күрт төмендейді.

Республика бойынша желдің күшейіп, бұрқасын, көктайғақ болып, тұман түседі.