Қазгидромет: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның басым бөлігіне Қара теңіз аймақтарынан жылжыған циклон мен онымен байланысты атмосфералық ағындар әсер етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сілтеме жасап.

Қазгидромет: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады

Кәсіпорын таратқан ақпараттарға қарағанда, Қазақстан Республикасының басым бөлігіне жауын-шашын және қар аралас жаңбыр жауады. Кей жерлерге тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, бұрқасын болуы ықтимал.

Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, тұман түседі, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ болуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, тұман түседі, желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысында, күндіз Жарминский ауылында желдің жылдамдығы секундына 25 м/с жетуі ықтимал.

Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Жамбыл, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.

Түркістан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с-қа күшейеді.