Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жариялады.

Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жариялады

«18 қазанда күндіз Оңтүстік Қазақстан облысында, 18 қазанда күндіз және 19 қазанда түнде Жамбыл, Алматы облыстарында жауын-шашын,  кей жерлерде күшті жауын-шашын күтілуде. Кей жерлерде көктайғақ, солтүстік-батыстан, батыстан секундына 15-20 метр ескен желдің екпіні 23 метрге дейін жетеді.

Ал 19-20 қазанда түнде Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында ауа температурасы -1-6 0 С-ге дейін, кей жерлерде - 9С-ге дейін төмендейді», - деп жазылған хабарламада.