Қазгидромет: Еліміздің солтүстігінде ауа температурасы күрт төмендейді
АСТАНА. ҚазАқпарат – 8 қаңтар күні Қазақстанның солтүстігінде ауа температурасы күрт төмендейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.
«Кезекті терең Атлантикалық циклон мен атмосфералық фронталды бөліктер әлі де Қазақстан аумағындағы ауа райына ықпал етеді. Сонығ салдарынан жауын жауып, еліміздің солтүстік-батысында қалың қар жауады. Еліміздің солтүстігінде, батысында суық ағындардың өтуіне қарай, ауа температурасы күрт төмендейді. Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ, бұрқасын болады, оңтүстікте, елдің орталығында тұман түседі»,-делінген хабарламада.