Қазгидромет: Ертең Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

АСТАНА. 5 қараша. ҚазАқпарат - Ертең Қазақстанның басым бөлігінде антициклон ықпалымен ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Республиканның солтүстік бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады, өткінші жаңбыр жауып, жел күшейеді, тұман түсуі байқалады. Бұл туралы "Қазгидрометке" сілтеме жасап, ҚР ТЖМ хабарлады.
None
None

Ақмола, Павлодар облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында кей жерлерде тұман түсуі ықтимал. Қостанай облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, түнде кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысының да бірқатар жерлерінде тұман түсуі мүмкін, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Жақын тәуліктерде Шардара су қоймасында су ұлғаяды деп күтілуде. Шығыс Қазақстан облысының жекелеген өзендерінде жаңбыр жауады деп болжануына байланысты су көлемі ұлғаюы мүмкін. Солтүстік облыстардың өзендерінде су бетінің бірте-бірте салқындауы байқалады. Қазақстанның қалған су нысандарында гидрологиялық тәртіпте айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Соңғы жаңалықтар