Қазгидромет: Ертең Қазақстанның солтүстігінде тұман түседі деп күтілуде, ал оңтүстікте ыстық болады
АСТАНА. 10 қаркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады деп күтілуде, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, жел күшейеді, түнде республиканың солтүстігінде кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде. Тек республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз, ыстық болады деп күтілуде, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК мәліметтеріне сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Ақмола облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады деп күтілуде, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде жел 15-23 м/с-қа күшейеді деп күтілуде.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа күшейеді.
Қызылорда облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа күшейеді деп күтілуде, шаң көтеріліп, дауыл тұрады.
Алматы, Жамбыл облыстарында күндіз қатты ыстық сақталады.
Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында кей жерлерде және солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.