Қазгидромет: Ертең республикада ашық күн райы сақталады
АСТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат - "Қазгидромет" РМК мәліметтері бойынша, ертең Қазақстанның басым бөлігі ауқымды антициклонның ықпалында болып, ашық күн райы сақталады, республиканың оңтүстігінде ғана кейбір жерлерде жауын-шашын болуы мүмкін.
Кей жерлерде тұман түседі, елдің оңтүстік бөлігінде жел күшейеді. Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түсуі күтіледі. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, желдің екпіні 15-23 м/с-ке дейін күшейеді.