Қазгидромет: Қазақстанның 3 өңірінде бұршақ жаууы мүмкін - 28 маусымға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 27 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазгидромет» РМК болжауынша, 28 маусымда Қазақстанның басым аумағында ауа райының тұрақсыздығы сақталады.
None
None

Атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, кей жерлерде нөсерлетеді деп күтілуде. Сондай-ақ екпінді жел соғып, бұршақ жаууы ықтимал. 

Ақмола, Жамбыл облыстарының жекелеген жерлерінде 15-20 м/с жыдамдықпен жел соғады, бұршақ жаууы ықтимал, Ақмола облысында түнде және таңертең тұман болады.

Қарағанды облысында - кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін.

Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, түнде Қызылорда облысында, күндіз Павлодар облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді деп күтілуде.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында түнде кей жерлерде тұман болады. Күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Алматы облысының кей жерлерінде, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстарында төтенше жоғары өрт қауіп сақталады.

Павлодар, Атырау, Батыс Қазақстан, жекелеген жерлерде Алматы, Жамбыл, Ақтөбе облыстарында күн қатты ысиды.

Алдағы тәуліктерде республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысында су деңгейінің ауытқушылығы байқалады.

Соңғы жаңалықтар