Қазгидромет: Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады
АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде, тек республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын болады, жел күшейеді. Бұл туралы «Қазгидрометке» сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с-қа дейін күшейеді, күндіз жел екпіні 28 м/с болады. Ақмола, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысының кей жерлерде және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жақын тәуліктерде Батыс Алтайдың жекелеген өзендерінде (Бұқтырма, Оба және басқа) су деңгейінің көтерілуі байқалады.
Қазақстанның қалған су нысандарында гидрологиялық тәртіпте айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.