Қазгидромет: Қазақстанның батысы мен солтүстігінде ертең ауа райы жауын-шашынсыз болмақ

АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ертең өткен күндердегідей Қазақстан аумағының көп бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады, жел күшейеді.

Қазгидромет: Қазақстанның батысы мен солтүстігінде ертең ауа райы жауын-шашынсыз болмақ

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің ресми порталында «Қазгидромет» мемлекеттік кәсіпорнының мәліметтеріне сілтеме жасай отырып жазылған.

Елдің батысы мен солтүстігінде жауын-шашын болмайды деген болжам бар, жекелеген аудандарда тұман болуы ықтимал.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарынының кейбір жерлерінде түнде және күндізгі уақыттарда тұман түсуі ықтимал, күндіз кей жерлерде желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді деп күтілуде.

Атырау облысында, түнде және таңертең Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.

Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығының кей жерлерінде және солтүстік-батыста жоғары өрт қаупі сақталады.

Сонымен қатар, «Қазгидромет» республиканың оңтүстігі мен шығысындағы таулы өзендерде алдағы күндері ылғалдылықтың ауытқуы байқалатындығын хабарлайды. Қазақстанның басқа су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.