Қазгидромет: Қазақстанның екі облысында үсік жүреді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы қазанның 13-і күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, Қазақстанның басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында. Сол себепті күн жауын-шашынсыз болады. Тек Қазақстанның солтүстік-шығысында және шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
Республиканың бірқатар өңірінде жел күшейіп, солтүстігінде және шығысында тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі.
Жамбыл облысында таңертең және күндіз, Түркістан облысында күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Маңғыстау облысының батысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде түнде 3 градус үсік жүреді.