Қазгидромет: Қазақстаның 4 облысында 1-3 градус үсік жүреді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы қазанның 11-і күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазгидромет: Қазақстаның 4 облысында 1-3 градус үсік жүреді

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, Қазақстанның басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында болғандықтан, күн жауын-шашынсыз болады. Тек Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және оңтүстік-шығысында атмосфералық ағынардың өтуіне байланысты жауын-шашын жаңбыр және қар жаууы ықтимал.

Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді. Елдің шығысында көктайғақ болып, оңтүстік-батысында шаңды дауыл көтеріледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі.

Ақмола, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрып, Жамбыл облысында тұман түседі.

Павлодар облысында, түнде және таңертең Алматы, Солтүстік-Казахстан, Қарағанды ​​ облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде түнде 1-3 градус үсік жүреді.