06:00, 21 Қыркүйек 2019 | GMT +6
Қазгидромет: Қыркүйектің 21-і күнгі ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның батыс және солтүстік бөліктерінен циклон жырасының және сонымен байланысқан атмосфераның фронтальді бөліктеріның өтуіне байланысты елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып.
Еліміздің солтүстік-батысының кейбір жерлерінде мол көлемде жаңбыр жауады. Республиканың қалған бөліктерінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі.
Маңғыстау, күндіз Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының бірқатар аумақтарында түнде 1-3 градус үсік жүруі ықтимал.
Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Карағанды, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде, Шығыс Қазақстан облысының жекелеген ауданында өрт қаупі сақталады.