Қазгидромет мамырдың 27-сі күнгі күн райы болжамын жариялады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы мамырдың 27-сі күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазгидромет мамырдың 27-сі күнгі күн райы болжамын жариялады

Қазақстан аумағынан фронталды бөліктердің өтуіне байланысты күн райы құбылмалы болады, жаңбыр жауып, таулы аймақтарда нөсерлетеді, найзағай ойнап, жел күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Еліміздің оңтүстігінде – шаңды дауыл тұрады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аймақтарында найзағай ойнап, бұршақ жауып, көктайғақ болады, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, таулы аймақтарда желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 23-28 метрге жетеді.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында – шаңды дауыл тұрып, солтүстікте, батыста және таулы аудандарда – желдің жылдамдығы секундына 15-25 метрге дейін жетеді. Оңтүстікте, солтүстікте, батыста, облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, күндіз облыс орталығында шаңды дауыл соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Солтүстікте, батыста, облыстың шығысында екпіні желдің 23-28 м/с болып, найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл тұрады.

Қостанай облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында түнде – найзағай ойнайды, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Атырау облысының солтүстігінде найзағай ойнайды.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрып, жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі.

Күндіз Алматы облысының таулы аймақтарында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында, түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Күндіз Қарағанды ​​облысының орталығында, оңтүстігінде найзағай ойнайды, облыстың оңтүстігі мен шығысында жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында күндіз найзағай ойнайды, таңертең және күндіз облыстың солтүстік-батысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Күндіз Алматы, Павлодар облысының басым бөлігінде, Қарағанды ​​облысының оңтүстік-шығысында аптап ыстық болады.

Шығыс Қазақстанның облысының Жарма ауданында, Қызылорда, Павлодар облыстарының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.