Қазгидромет ОҚО-да 29 наурыз күні жаңбырлы тасқындар болуы мүмкін екендігі туралы ескерту жасайды

АСТАНА. 28 наурыз. ҚазАқпарат - 29 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысында жаңбырлы тасқындар болуы мүмкін, деп ескерту жасайды Қазгидрометке сілтеме жасаған ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

Қазгидромет ОҚО-да 29 наурыз күні жаңбырлы тасқындар болуы мүмкін екендігі туралы ескерту жасайды

«Таяудағы тәулікте (29 наурызда) күтіліп отырған қатты жаңбырларға байланысты Оңтүстік Қазақстан облысының төменгі таулы өзендерінде жаңбырлы тасқындар болуы мүмкін», - деп нақтылайды құтқарушылар.