Қазгидромет ОҚО-ның тау етегі аймағында қар суы мен жаңбыр салдарынан сел болатыны туралы ескерту жасайды
АСТАНА. 17 ақпан. ҚазАқпарат - ОҚО-ның тау етегі аймағында қар суы мен жаңбыр салдарынан сел болады деп күтілуде. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасаған ТЖМ-нің ақпарат қызметі хабарлайды.
«17-18 ақпан күндері күтіліп отырған жаңбыр жаууына байланысты ОҚО-ның тау етегі аймағында қар суы мен жаңбырдың салдарынан сел, тау бөктерінде су ағыны пайда болады. Төңіректің еңісті жерлерін су басуы ықтимал», - деп түсіндіреді синоптиктер.