Қазгидромет: Республиканың бірқатар аймақтарында жел күшейіп, тұман түседі
АСТАНА. 29 қазан. ҚазАқпарат - Ертең республикада атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде ауа райы тұрақсыз болады деп күтілуде, жаңбыр жауады, тұман түседі, жел күшейеді. Бұл туралы «Қазгидрометке» сілтеме жасап, ҚР ТЖМ мәлімдеді.
Алматы, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі. Ақмола, Қостанай облыстарының да кей жерлерінде тұман болып, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, жел 15-20 м/с-қа дейін соғады. Оңтүстік Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетеді деп күтілуде.
Жақын тәуліктерде Қазақстанның көптеген су нысандарында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.