Қазгидромет: Республиканың бірқатар жерлерінде қар аралас жаңбыр жауады

АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын болады, жел күшейеді. Республиканың солтүстігінде кей жерлерде жауын-шашын болады (жаңбырдың соңы аралас қарға ұласады). Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болуы ықтимал. Бұл туралы «Қазгидрометке» сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, күндіз Ақмола, Қостанай, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа күшейеді деп күтілуде, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және кей жерлерде таңертең тұман түседі.

Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында кей жерлерде және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар