Қазгидромет: Республиканың кейбір аймақтарында жауын-шашын болуы ықтимал

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с-қа дейін күшейеді, күндіз жел екпіні 28 м/с болады. Ақмола, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында, күндіз Жамбыл, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Атырау облысында кей жерлерде 17-22 м/с жел соғады, күндіз екпінді жел соғады. Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында кей жерлерде және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жуырдағы үш тәулікте Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және шығысының жекелеген өзендерінде су деңгейі тұрақсыз болады деп күтілуде.
Солтүстік, солтүстік-шығыс және шығыс облыстардың су нысандарында бірте-бірте судың салқындауы байқалады.