«Қазгидромет» сәуірдің 13-і күнгі күн райы болжамын жариялады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорын сәуірдің 14-і күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, Қазақстанның батыс бөлігінде циклонның әсерінен, сондай-ақ фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

ҚР территориясының өзге бөлігіне антициклон жотасы әсер етіп, күн ашық болады. Алайда осы күні республика бойынша жел күшейіп, солтүстік-батыста тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай ойнайды, облыстың оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Түнде Маңғыстау облысының солтүстік-батысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғып, екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, таңертең және күндіз найзағай ойнайды, тұман түседі.

Жамбыл облысының таулы, тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, күндіз Түркістан облысының таулы аумақтарында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.


Соңғы жаңалықтар