Қазгидромет: Сәуірдің 24-і күнгі ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы сәуірдің 24-і күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, Қазақстанның солтүстік, орталық және оңтүстік-шығысы әлі де антициклонның ықпалында болады. Соған байланысты күн жауын-шашынсыз болады.

Еліміздің қалған аймақтарында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, шығыста жауын, қар жаууы ықтимал. Республикамыздың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, батыс және оңтүстікте найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады.

Жамбыл, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды, екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді.

Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі.

Алматы, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Батыс Қазақстан облысында найзағай ойнайды.

Ақтөбе, күндіз Ақмола, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Қызылорда облысында найзағай ойнайды.

Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, шаңды дауыл тұрады.

Маңғыстау, түнде Атырау облыстараның кей жерлерінде тұман түседі.


Соңғы жаңалықтар