Қазгидромет: Сенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі күні еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады. Тек елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде ғана күн жауын-шашынды болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Қазгидромет: Сенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады

«Қазгидромет» мәліметтеріне қарағанда, сенбі күні республиканың бірқатар аймақтарында жел күшейіп, таң ата және түнде тұман түсуі ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Екпіні 23-28 метр болады. Түнде және таң ата тұман түсуі мүмкін.

Ақмола облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Павлодар, Маңғыстау облыстарында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Түнде және таң ата тұман түсуі мүмкін.

Қостанай, күндіз Жамбыл облысының бірқатар аумақтарында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Түнде және таң ата Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында тұман түсіп, Шығыс Қазақстан облысында жел секунына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды.

Түркістан облысы мен Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды және Алматы облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі сақталады.